Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлан Қиясов Қазақстанның бас санитарлық дәрігері қызметінен босатылды

Опубликовано:

Ерлан Қиясов
Ерлан Қиясов. Фото: primeminister.kz

Ерлан Қиясов Денсаулық сақтау вице-министрі және Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен босатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, үкімет қаулысымен Қиясов Ерлан Аңсағанұлы берген өтінішіне сәйкес Денсаулық сақтау вице-министрі және еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен босатылған.

Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 

Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Тұран-Астана университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1990 жылы "Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы" реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің санитары болып бастаған. 

1997-1999 жылдары Алматы қаласындағы Әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігері, дәрігер-эпидемиологы болған. 

1999 жылдан бастап 2020 жылға дейін Қазақстан президенті Іс басқармасының медициналық орталығының құрылымында, санитарлық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитарлық дәрігер, жедел бөлім меңгерушісі, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" РМК директоры, басшының орынбасары қызметін атқарған.

2020 жылдың қыркүйегінде Денсаулық сақтау вице-министрі және Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953231-erlan-qiyasov-qazaqstannyn-bas-sanitarlyq-darigeri-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel