Президент: Қазақстан Үндістанға тауардың 80 түрін экспорттауға дайын

Опубликовано:

саммит Үндістан
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди ұйымдастырған мемлекет басшыларының "Орталық Азия – Үндістан" атты алғашқы саммитінде өзара тауар айналымын арттыру мақсатымен күш біріктіруді диалог аясындағы тағы бір басымдық ретінде атады деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Үндістанның сыртқы сауда айналымындағы Орталық Азия елдерінің үлесі бір пайызға жетпейтінін айтты.

Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан тарапының сауда және өнеркәсіп министрлері деңгейінде сауда-экономикалық платформа құру туралы бастамасын қолдады.

"Қазақстанда іс жүзінде бірлесіп жүзеге асыру үшін қажеттінің бәрі бар. Атап айтқанда, біз 610 миллион доллар болатын 80 тауардың тізімін жасадық, оны жақын арада Үндістан тарапына жібере аламыз. Үндістанның Қазақстанға шығаратын экспортын кеңейту мүмкіндігін де қарастыруға дайынбыз. Осыған байланысты мен әр елдің бәсекелестік артықшылықтарын ескере отырып, Сауда көлемін арттыру жөнінде жоспар әзірлеуді ұсынамын", – деді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953372-prezident-qazaqstan-undistanga-tauardyn-80-turin-eksporttauga-daiyn/