Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы атысты тоқтату туралы келісімге келді

Опубликовано:

Шекара
Көрнекі фото: Peter Kovalev\TASS via Getty Images

Қырғызстанның шекара қызметі Бішкек пен Душанбе шекарадағы атысты тоқтату туралы келісімге келгенін хабарлады, деп жазады РИА Новости.

Ведомство өкілінің хабарлауынша, келіссөздерге Қырғызстанның Баткен облысы және Тәжікстанның Соғды облысы губернаторлары, екі елдің шекара қызметінің өкілдері қатысқан.

"Келіссөздер нәтижесінде келесі келісімдерге қол жеткізілді: атысты толықтай тоқтату; тараптардың шекараға, тұрақты орналастыру орындарына тартылған қосымша күштер мен құралдарын шығару туралы; Баткен-Исфана тасжолындағы қозғалысты ашу туралы; қақтығыстардың алдын алу мақсатында Қырғызстан мен Тәжікстанның құқық қорғау қызметкерлерінің шекаралық аймақтарды бірлесіп патрульдеуі туралы", - делінген Қырғызстан шекара қызметінің хабарламасында.

Еске сала кетсек, 27 қаңтар күні Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында жанжал шығып, соңы атысқа ұласқан еді.

Кейінірек, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының бас хатшысы Тәжікстан мен Қырғызстанды шекарадағы қақтығысты тоқтатуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953398-qyrgyzstan-men-tazikstan-sekaradagy-atysty-toqtatu-turaly-kelisimge-keldi/

pixel