Ләззат Қалтаева сенат депутаты болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ләззат Қалтаева парламент сенатының депутаты болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Ләззат Молдабекқызы Қалтаева Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты болып тағайындалды", - делінген президент жарлығында.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ольга Перепечина сенат төрағасының орынбасары болып сайланған еді.
Сондай-ақ, парламент сенаты Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болып депутат Серікбай Трұмов сайланған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953416-lazzat-qaltaeva-senat-deputaty-bolyp-tagaiyndaldy/