Қазақстан мемлекеттік сектордағы жемқорлық бойынша әлем индексінде нешінші орында
Жарияланған күні:
Әлем бойынша сыбайлас жемқорлық деңгейін зерттеу жөніндегі Transparency International үкіметтік емес халықаралық ұйымы жыл сайынғы сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексін жариялады. Индекске сәйкес, Қазақстан 180 орынның ішінен 102 орынға тұрақтаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Аталған зерттеу аталған ұйымның ресми сайтында жария етілді.
Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі (CPI) мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейіне қарай әлем бойынша 180 ел мен аумақты саралайды. Ұйым сауалнама жүргізбейді. Ал индекс беделді халықаралық институттар мен зерттеу орталықтарының зерттеулері негізінде есептеледі.
Бұл ретте CPI-дің маңызды көрсеткіші рейтингтегі орны емес, ұпай саны болып саналады. Мәселен, 0 балл сыбайлас жемқорлық іс жүзінде мемлекетті алмастыратынын білдірсе, 100 балл – қоғамда сыбайлас жемқорлық мүлдем жоқ екенін көрсетеді.
CPI мемлекеттік секторлағы сыбайлас жемқорлықты ғана қамтиды.
"Соңғы талдаулар жемқорлықпен күресте адам құқығын қорғау шешуші орын алатынын көрсетті. Азаматтарының бостандығы жақсы қорғалған елдерде, әдетте, CPI ұпайлары жоғары алады. Ал азаматтар құқығы бұзылатын елдер төменгі ұпайларды алады", – деді Transparency International ұйымының атқарушы директоры Дэниел Эриксон.
Соңғы жыл ішінде Қазақстан бір ұпайын жоғалтып, жалпы есепте 100-ден 37 ұпай жинады. Нәтижесінде Қазақстан рейтингте 102-орынға жайғасты. Сарапшылар әлем бойынша 180 елдің сыбайлас жемқорлық жағдайын зерттеді.
Көрші Ресей 29 ұпай жинап, 136-орынға жайғасты. Ал Украина 32 ұпаймен 122-орынға тұрақтады.
Қырғызстан бір жыл ішінде бірден 4 ұпайын жоғалтып, 2021 жылдың қорытындысы бойынша 27 ұпай жинады. Нәтижесінде 144-орыннан көрінді.
Беларусь мемлекеті 41 ұпай жинап, бір жыл ішінде бірден 6 ұпай жоғалтты. Ол қазіргі таңда 82-ші орында.
Рейтингтің 2021 жылғы үздік ондығына Дания, Финляндия және Жаңа Зеландия көрінді. Бұл мемлекеттер 100-ден 88 ұпай жинады. Ең төмен нәтиже Оңтүстік Суданда (11 ұпай) тіркелді. Сирия мен Сомали мемлекеттері 13 ұпайдан жинады. Посткеңестік аймақтағы елдер арасынан 74 ұпаймен Эстония алдыңғы қатардан көрінсе, 19 ұпай жинаған Түркменстан рейтинг соңында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953516-qazaqstan-memlekettik-sektordagy-zemqorlyq-boiynsa-alem-indeksinde-nesinsi-orynda/