Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылды

Опубликовано:

Бақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды", - делінген хабарламада.

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев 1963 жылы 13 қазанда дүниеге келді. 1985 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "экономист" мамандығы бойынша тәмамдады. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1985 жылы Алматы халық шаруашылығы институтының саяси экономика кафедрасының оқытушысы болып бастаған.

1992 жылдан 1998 жылға дейін жеке секторда жұмыс істеді. "Маруе" туристік-коммерциялық фирмасының президенті, "Қазмет" АҚ Бас директоры, "Лукойлнефтегазстрой-К" ЖАҚ бас директорының орынбасары болды.

1998-2002 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, шағын бизнесті қолдау жөніндегі Агенттік төрағасының орынбасары, "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" ЖАҚ Басқарма төрағасы, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі Агенттік төрағасының орынбасары болды.

2002-2004 жылдары Қазақстан Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарды.

2004 жылдан 2007 жылға дейін Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы болды.

2007-2008 жылдары премьер-министр кеңсесінің басшысы болып еңбек етті.

2008-2012 жылдары Павлодар облысының әкімі болды.

2012 жылдан бастап Экономикалық даму және сауда министрі қызметін атқарды.

2012 жылдан 2013 жылға дейін "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары, премьер-министрдің бірінші орынбасары, Өңірлік даму министрі болды.

2014-2016 жылдары премьер-министрдің бірінші орынбасары.

2016 жылы Бақытжан Сағынтаев премьер-министр болып тағайындалып, бұл қызметте екі жарым жыл еңбек етті. Содан кейін мемлекеттік хатшы, Президент әкімшілігінің басшысы қызметтерін атқарды.

2019 жылдан бастап бүгінге дейін Алматы қаласының әкімі болды.

"Құрмет", "Парасат" ордендерімен, "Астанаға 10 жыл", "Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін" мерейтойлық медалімен, ТМД грамотасымен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953745-baqytzan-sagyntaev-almaty-qalasynyn-akimi-lauazymynan-bosatyldy/

pixel