Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Бейжіңдегі қысқы олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады

Опубликовано:

Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақпанның 4-5 күндері Бейжің қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі президенттің баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

"Ақпанның 4-5 күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен XXIV қысқы олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Бейжің қаласына жұмыс сапарымен барады.
Сонымен қатар сапар барысында Қазақстан президенті мен Қытай Төрағасы екіжақты келіссөз жүргізеді деп жоспарланған", - делінген Берік Уәлидің Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбасында.

Еске сала кетсек, қысқы олимпиада ойындары 4 ақпанда басталады. Төрт жылдықтың ірі додасында жалпы 109 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ. 

Қазақстандық спортшылар 87 жолдама жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953852-toqaev-beizindegi-qysqy-olimpiada-oiyndarynyn-asylu-saltanatyna-qatysady/

pixel