Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жасыл Даму" компаниясының басшысы тағайындалды

Опубликовано:

Жанат Самат
Жанат Самат. Фото: Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

"Оператор РОП" функциясын атқаратын "Жасыл Даму" мемлекеттік компаниясының бастығы болып Жанат Самат тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ЭГТРМ қоғаммен байланыс бөлімі департаментінің директоры Олжас Беркінбаевқа сілтеме жасап.

Жанат Самат Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің бұйрығымен тағайындалған.

Жанат Самат 1980 жылы Ақтау қаласында өмірге келген, үш баланы тәрбиелеп отыр.

2001 жылы Есенов атындағы Ақтау университетін тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 2001 жылы Салық комитетінің Маңғыстау облысы бойынша ірі салық төлеушілерді талдау және мониторинг жүргізу бөлімінің бас салық инспекторы болып бастады.

Әр жылдары ол облыстық Салық комитетінде келіспеушіліктер және кеңес беру бөлімінің, жеке тұлғаларды тексеру бөлімінің, жер қойнауын пайдаланушыларды тексеру бөлімінің бас салық инспекторы қызметтерін атқарды.

2008 жылы Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары, кейін "Каспий" ӘКК" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2014-2016 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы "Байқоңыр" (Байконур)" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.

2019 жылдан бастап Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің кеңесшісі болды.

2020 жылдан бастап Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы "Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК бас директоры болып жұмыс істеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1954040-operator-rop-funciyasyn-atqaratyn-zasyl-damu-bastygy-tagaiyndaldy/

pixel