Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәжіліске ең ұзақ төрағалық еткен спикерлер кім

Опубликовано:

мәжіліс77
Фото: parlam.kz

Бүгін парламент мәжілісінің төрағасы ауысты. Ерлан Қошанов мәжілістің жаңа төрағасы болып сайланды. Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулин өз еркімен қызметінен кетуге өтініш жазып, өтініш бірауыздан мақұлданды. Осы орайда KAZ.NUR.KZ тілшісі осы күнге дейін ел парламентінің төменгі палатасына кімдер төраға болғанына шолу жасайды.

Мәжіліске ең ұзақ төрағалық еткен тұлғалардың бірі - Нұрлан Нығматулин. Ол бұл лауазымды барлық шақырылымды қоса есептегенде 8 жылдай атқарды.

Атап айтқанда Нұрлан Нығматулин 2012 жылдың 20 қаңтарынан 2014 жылдың 3 сәуіріне дейін, 2016 жылдың 22 маусымынан 2022 жылдың 1 ақпанына дейін мәжіліс спикері қызметінде болды.

Парламенттің төменгі палатасына спикер болған Орал Мұхамеджанов (1948-2013) осы қызметке екі рет сайланған. Ол мәжілістің III және IV шақырылымына жалпы 6 жыл 1 ай төрағалық етті.

Одан кейінгі орында мәжіліске ұзақ төрағалық еткен - Жармахан Тұяқбай. Ол мәжілісте 1999 жылдың 1 желтоқсанынан 2004 жылдың 14 қазанына дейін 4 жыл 10 ай спикер болды.

Бұл рейтингте төртінші орында Марат Оспанов тұр. Айта кету керек, Марат Оспанов парламент мәжілісінің алғаш сайланған төрағасы. Ол ел парламентінің төменгі палатасына 1996 жылдың 30 қаңтарынан 1999 жылдың 1 желтоқсанына дейін 3 жыл 8 ай төрағалық еткен.

Бесінші орында мәжілістің экс-төрағасы Қабиболла Жақыпов. Ол төменгі палатаға 2014 жылдың 3 сәуірінен 2016 жылдың 25 наурызына дейін яғни 1 жыл 11 ай төрағалық етті.

Мерзімі бойынша мәжіліске аз төрағалық еткен спикерлер қатарында Аслан Мусин де бар. Ол 2007 жылдың тамызында мәжіліс депутаты болып, осы жылдың қыркүйек айында төртінші сайланған парламент мәжілісінің төрағасы ретінде қызмет атқарды. Өкілеттігін 2008 жылғы қазанда тоқтатты.

Сондай-ақ, 2016 жылдың наурызында алтыншы сайланған парламент мәжілісіне Бақтықожа Ізмұхамбетов үш ай төрағалық етті. Ол төменгі палатадағы өкілеттігін 2016 жылғы маусымда тоқтатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1954062-maziliske-en-uzaq-toragalyq-etken-spikerler-kim/

pixel