АҚШ әскерилері "ДАИШ" басшысының көзін жойды

Опубликовано:

Әкерилер
Көрнекі фото: pixabay.com

АҚШ билігі әскери қызметкерлері "Ислам мемлекетінің" (Қазақстан аумағында тыйым салынған) көшбасшысы Абу Ибрагим аль-Курашидің көзін жойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның жазуынша, АҚШ президенті Джо Байден Сирияның солтүстік-батысындағы операция кезінде Абу Ибрагим аль-Хашими аль-Курашидің көзі жойылғанын хабарлаған.

"Біздің әскерилердің шеберлігі мен ержүректігінің арқасында біз "Ислам мемлекетінің" (Қазақстанда тыйым салынған) көшбасшысы Абу Ибрагим аль-Хашими аль-Курайшидің ұрыс алаңында көзін жойдық", - делінген Ақ үйдің мәлімдемесінде.

Сонымен бірге, басылым арнайы операция салдарынан 13 бейбіт тұрғын, оның ішінде алты бала қаза тапқанын хабарлады.

Болжам бойынша, марқұмдардың бірнешеуі тұрғын үйдің екінші қабатына тиген зымыраннан көз жұмған.

Қалғандары жанкештінің өзін-өзі жарып жіберуі салдарынан және қақтығыс кезінде ажал құшқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1954527-aqs-askerileri-dais-bassysynyn-kozin-zoidy/