Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлеуметтік желіде Иманғали Тасмағамбетовтің атынан ашылған фейк парақшалар пайда болды

Опубликовано:

Иманғали Тасмағамбетов
Иманғали Тасмағамбетов. Фото: almaty.tv

Facebook және Instagram әлеуметтік желісінде мемлекет қайраткері Иманғали Тасмағамбетовтің атынан ашылған фейк парақшалар пайда болған. Stopfake.kz порталының хабарлауынша, бұрынғы шенеуніктің бұл аккаунттарға қатысы жоқ.

Сайттың мәліметінше, Instagram желісіндегі tasmagambetov_official парақшасына 45 мыңнан астам адам, imaangali_tasmagambetov парақшасына мыңнан аса адам жазылған.

Facebook желісінде де оның атынан парақшалар ашылған.

Осы ретте, Иманғали Тасмағамбетов бұл аккаунттарға қатысы жоқ екенін, сондай-ақ әлеуметтік желілерде ресми парақшалары жоқ екенін мәлімдеген.

"Құрметті достар! Соңғы уақытта әлеуметтік желіде менің атымнан түрлі тақырыпта арандатушылық ақпарат жүктелген жалған аккаунттар мен парақшалар пайда болып жатыр. Сөз жоқ, бұл жеке менің абырой-беделімнен бөлек, әрбір азаматтың ғаламтордағы қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатерді көрсетеді.

Ресми түрде мәлімдеймін, менің әлеуметтік желіде ешқандай парақшам жоқ. Баршаңыздан мұндай арандатуға қарсы тұрып, жалған ақпарат таратпауларыңызды сұранамын. Құрметпен, Иманғали Тасмағамбетов", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1954942-aleumettik-zelide-imangali-tasmagambetovtin-atynan-asylgan-feik-paraqsalar-paida-boldy/

pixel