Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев наурыз айының ортасында халыққа үндеу жариялайды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айының ортасында халыққа үндеу жариялауды жоспарлап отыр. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтар күні өткен мәжіліс отырысында азаматтық қоғаммен және сарапшылармен арадағы диалог негізінде саяси реформалардың жаңа топтамасы әзірленеді деп мәлімдеген болатын.

Осыған байланысты мемлекет басшысы наурыз айының ортасында халыққа үндеу жариялауды жоспарлап отыр. Бұл үндеуде реформалардың негізгі бағыттары мен қоғамды саяси трансформациялауға бағытталған аса маңызды шаралар айқындалады", - деп жазды Берік Уәли.

Еске сала кетсек, ертең, 8 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1954998-prezident-nauryz-aiynyn-ortasynda-xalyqqa-undeu-zariyalamaq/

pixel