Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев ертең үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Ертең, 8 ақпанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.

"Жиын барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп беріледі және үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары қарастырылады", - деп жазды Берік Уәли.

Еске сала кетсек, бұған дейін Бейжің қаласындағы Халық жиналысы үйінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин келіссөз жүргізген еді.

Келіссөз барысында сауда-экономикалық байланыстарды арттырудағы бірлескен іс-қимылға ерекше назар аударылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1954974-toqaev-erten-ukimettin-keneitilgen-otyrysyn-otkizedi/

pixel