Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Nur Otan партиясының атқарушы хатшысын қабылдады

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Ораловты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында президент Nur Otan партиясын жаңғырту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

Партия төрағасының айтуынша, ел азаматтарының талап-тілектеріне толық жауап беруі үшін партияны жүйелі түрде қайта құру қажет.

Сондай-ақ, партия заманауи сын-қатерлерге төтеп беруге және жедел әрекет етуге тиіс.  

Мемлекет басшысына партияның жұмысын қайта құру жоспары жөнінде мәлімет берілді.

Одан бөлек, Асхат Оралов саяси ұйымның Орталық аппараты мәжілістегі фракциямен бірлесе отырып, партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған жол карталарының жүзеге асырылуы бойынша жүйелі талдау жүргізіп жатқанын баяндады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1955005-toqaev-nur-otan-partiyasynyn-atqarusy-xatsysyn-qabyldady/

pixel