Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақыт Сұлтанов тағы бір лауазымды қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Бақыт Сұлтанов
Бақыт Сұлтанов. Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Бақыт Сұлтанов "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қордың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Бақыт Сұлтанов 2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды", - делінген хабарламада.

Бұл шешімді қордың директорлар кеңесінің 2022 жылы 4 ақпанда қабылдағаны белгілі болды.

Аталған қызметті бұған дейін премьер-министр Әлихан Смайылов атқарған еді.

Айта кетейік, Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов 1971 жылы 29 қарашада дүниеге келген.

1994 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін "инженер – электрик" мамандығы бойынша, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "экономист" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы қаржы министрлігінде қаржы нарығының бағалы қағаздары басқармасының акционерлеу және лицензиялау бөлімінің жетекші экономисі болып бастаған.

1995 жылдан бастап қаржы министрлігінде бөлім бастығы, содан кейін басқарма бастығының орынбасары (1996), бюджеттік департамент директорының орынбасары (1997), мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры (1998), қазынашылық департаменті директорының орынбасары (1999), бюджеттік департамент директорының орынбасары (2001), мемлекеттік бюджет департаментінің директоры (2002) болып тағайындалды.

2002 жылғы қыркүйектен 2003 жылғы маусымға дейін - экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бюджеттік саясат және жоспарлау департаментінің директоры.

2003 жылғы маусымнан 2006 жылғы ақпанға дейін - экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.

2006 жылғы ақпаннан 2007 жылғы қаңтарға дейін - статистика агенттігінің төрағасы.

2007 жылғы қаңтардан 2007 жылғы 10 тамызға дейін - қаржы вице-министрі.

2007 жылғы 10 тамыздан бастап - экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.

2010 жылғы 13 наурызда президенттің жарлығымен президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

2012 жылғы 21 қаңтардан 2013 жылғы 6 қарашаға дейін - президент әкімшілігі басшысының орынбасары.

2013 жылғы 6 қарашадан 2018 жылғы 11 қыркүйекке дейін - премьер-министрдің орынбасары және қаржы министрі.

2018 жылғы 11 қыркүйектен 2019 жылғы 13 маусымға дейін - Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласының әкімі.

2019 жылғы 17 маусымнан бастап - сауда және интеграция министрі.

2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1955293-baqyt-sultanov-tagy-bir-lauazymdy-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel