Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әкімінің экс-орынбасары президент жанындағы ОКҚ басшысы болды

Опубликовано:

Ержан Бабақұмаров
Фото: Алматы қаласы әкімінің сайты

Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров президент жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметінің" директоры болды. Тиісті құжат Ақорда сайтында жарияланды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров Қазақстан Республикасының президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ал бұл қызметті атқарған Руслан Қанатханұлы Әлішев президент өкімімен лауазымынан босатылды.

Ержан Бабақұмаровқа келсек, ол еңбек жолын 1995 жылы Қазақстан даму институтының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығының директоры лауазымынан бастаған.

1996 жылы Алматы қаласы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің бас маманы болған.

1996-2006 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің аға референті, кеңесші, сектор меңгерушісі, ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы, ішкі саясат басқармасының ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі, ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2006-2008 жылдары Мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрінің міндетін атқарушы, Мәдениет және ақпарат вице-министрі, жауапты хатшысы;

2008-2012 жылдары-премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары;

2012-2016 жылдары- президент жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" РМК директоры;

2016-2018 жылдары - премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары;

2018-2019 жылдары - президент әкімшілігінің Талдау және болжау орталығының меңгерушісі;

2019 жылғы сәуір-шілде аралығында президент кеңесшісі болған.

2019 жылдың шілде айынан бастап осы жылдың ақпанына дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

"Құрмет" (2005) және "Парасат" (2017) ордендерімен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1955368-erzan-babaqumarov-ortalyq-kommunikaciyalar-qyzmetinin-bassylygyna-keldi/

pixel