Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысы полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Опубликовано:

Аян11
Фото: polisia.kz

Президент әкімшілігінің келісімі бойынша және Ішкі істер министрінің бұйрығымен Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы болып Аян Дүйсембаев тағайындалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жеке құрамға полиция департаментінің жаңа басшысын Ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев таныстырды.

Аян Сәбитұлы Дүйсембаев 1966 жылы Атырау облысында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1999 жылдан Алматы қаласы ІІБ криминалдық полиция қызметі бөлімінің жедел уәкілі болып бастаған.

2012 жылдан бастап Атырау облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, 2016 жылдан 2019 жылға дейін Атырау облысы ІІД бастығы, 2019-2021 жылдар аралығында Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі болған.

Жаңа қызметіне дейін ТЖМ өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Арманбек Баймурзин Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1955493-mangystau-oblysy-policiya-departamentine-zana-bassysy-tagaiyndaldy/

pixel