Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласына ұшып барды (фото)

Опубликовано:

Қазан қаласы
Фото: Берік Уәли/Facebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласына барды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Берік Уәлидің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы Қазан қаласына келді. Татарстан астанасының халықаралық әуежайында президент Қасым-Жомарт Тоқаевты республика басшысы Рустам Минниханов қарсы алды.

Жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан Кремлінің көрікті жерлерін аралап көреді және Татарстан президентімен кездесу өткізеді.

Сонымен қатар республиканың өзге қалаларында орналасқан "Камаз" және "Танеко" сияқты ірі кәсіпорындарының жұмысымен танысады", - деді мемлекет басшысының баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Мәскеуге жұмыс сапарымен барған Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1955621-qasym-zomart-toqaev-qazan-qalasyna-syp-bardy-foto/

pixel