Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пайдамды тигіземін": Абаев мәдениет министрі болып тағайындалуы жөнінде пікір білдірді

Опубликовано:

Даурен Абаев
Даурен Абаев. Фото: facebook\Александр Трухачев

Дәурен Абаев өзінің мәдениет және спорт министрі болып тағайындалуы жайында пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Неліктен дәл мені тағайындағаны туралы баға беру өзіме қиын. Бұл шешімді президент қабылдады", - деді Абаев.

Министр осы лауазымға тағайындау туралы президенттің шешім қабылдауына өзінің "менеджерлік қабілеті" әсер еткен болуы мүмкін деген пікірде.

"Мен барлық саладан бірдей алшақпын, сондықтан пайдамды тигіземін", - деп түйіндеді Абаев өз сөзін.

Еске сала кетсек, Дәурен Абаев жаңа қызметке 11 қаңтарда министрлер кабинетінің жаңа құрамын жасақтау кезінде келді.

Сонымен бірге, бүгін мәдениет министрлігінің басшысы 2022 жылғы Олимпиада қорытындысы бойынша кадрлық шешімдер қабылдануы мүмкін екенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1955726-paidamdy-tigizemin-abaev-madeniet-ministri-bolyp-tagaiyndaluy-zoninde-pikir-bildirdi/

pixel