Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Түрікменстан басшысы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті

Опубликовано:

Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтудың перспективаларын, оның ішінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы қазан айында Ашхабадқа жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.

Президенттер өзара сауда-саттық көлемінің артқанына, энергетика, көлік, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықтың жанданғанына көңілдері толатынын айтты.

Әңгімелесу барысында бауырлас екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі кеңейтуге ниетті екендерін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президентіне шынайы құрметін білдіре отырып, Гурбангулы Бердімұхамедовтің кезектен тыс президент сайлауын өткізу жөніндегі шешімін қолдайтынын мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, Түрікменстан басшысының саяси әрі өмірлік мол тәжірибесі осы мемлекеттің өркендеуіне септігін тигізері сөзсіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1956063-toqaev-turikmenstan-bassysy-berdimuxamedovpen-telefon-arqyly-soilesti/

pixel