Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде АЭС құрылысына қатысты референдум өте ме: Министр жауап берді

Опубликовано:

АЭС
Көрнекі фото: pxhere.com

Энергетика министрі Болат Ақшолақов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Елімізде АЭС құрылысына қатысты референдум өте ме, деген сұраққа жауап берген. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Ол референдум жайлы білмейтінін, оны өткізу құзіретіне кірмейтінін атап өтті.

"Бірақ егер бұған қажеттілік болса, мұндай шешім (референдум өткізу туралы – ред.) қабылданады деп ойлаймын", - деді энергетика министрі.

Ақшолақовтың пайымынша, энергетиктер Қазақстанға АЭС қажет екеніне күмән келтірмейді.

Сонымен қатар оның құрылысы ұзақ уақыт алады. Министр бұл үшін "өте көп инженерлік жұмыс жүргізу қажет" деген пікірде.

"Қандай да бір жоба дайын болғанда, заң бойынша тапсырыс беруші немесе осы станцияны салушы қоғамдық тыңдау жүргізуге міндетті. Яғни халық өз пікірін білдіреді", - деді Ақшолақов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1956069-elimizde-aes-qurylysyna-qatysty-referendum-ote-me-ministr-zauap-berdi/

pixel