Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түрікменстандағы президент сайлауында Бердімұхамедовтің ұлы үміткер атанды

Опубликовано:

Гурбангулы Бердімұхамедов
Фото: Alexey Druzhinin/Sputnik/AFP/Getty Images

Түрікменстан президентінің сайлауына Гурбангулы Бердімұхамедовтің ұлының кандидатурасы ұсынылды, деп хабарлайды Salam News.

"Бүгін Түрікменстанның қоғамдық ұйымы орталығында Түрікменстан демократиялық партиясының кезектен тыс IX съезі өтті. Оның күн тәртібіне сәйкес, Түрікменстан президенті лауазымына Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сердар Гурбангулыұлы Бердімұхаммедовтың кандидатурасы ұсынылды", - делінген хабарламада.

Шараға қатысушылар Сердар Бердімұхамедовтың баяндамасын тыңдаған.

Естеріңізге сала кетейік, Түрікменстан президентін сайлау 12 наурызда өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1956168-turkimenstandagy-prezident-sailauynda-berdimuxamedovtin-uly-umitker-atandy/

pixel