Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұргүл Мауберлинова Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

Опубликовано:

Нұргүл Мауберлинова
Нұргүл Мауберлинова. Фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Нұргүл Өсербайқызы Мауберлинова ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Нұргүл Мауберлинова 1973 жылдың қараша айында Қарағанды облысында дүниеге келген.

Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Әр жылдары мемлекеттік органдар құрылымында және коммерциялық секторда жұмыс істеді.

2006-2008 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің бас маманы, бас сарапшысы болды.

2008-2012 жылдары премьер-министр кеңсесінің ақпараттық-талдау орталығының бас консультанты қызметін атқарды.

2012-2016 жылдары президент жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" РММ директорының орынбасары, парламенті мәжілісі төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарған.

2016-2018 жылдары Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

2018-2019 жылдары Ақпарат және коммуникациялар министрінің орынбасары болды.

2019-2020 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2020 жылғы мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1956535-nurgul-mauberlinova-aqparat-zane-qogamdyq-damu-vice-ministri-bolypy-tagaiyndaldy/

pixel