Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысының әкімі Тоқаевқа өңірдегі ахуалды баяндады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

"Нұрлан Ноғаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал жөнінде, сондай-ақ Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспарында қарастырылған іс-шаралардың орындалу барысы туралы баяндады.
Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді", - деп жазды президенттің ресми өкілі өзінің парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысының Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед Әл-Арикиді қабылдағаны туралы хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1956553-prezident-mangystau-oblysynyn-akimimen-telefon-arqyly-soilesti/

pixel