Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл - кемсітушілік емес": Президент "Қаңтар оқиғасына" қатысты алғашқы сұхбатты неге қазақ тілінде бермеді

Жарияланған күні:

Тоқаев сұхбат
Фото: Ақорда

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Qazaqstan" ұлттық телеарнасына сұхбат беріп, онда ел көкейінде жүрген бірқатар сұрақтарға жауап берді. Мемлекет басшысы "Қаңтар оқиғасынан" кейінгі алғашқы сұхбатын неліктен орыс тілінде бергенін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналистің алғашқы сұрағы елді мазалап жүрген сауалдардың бірі - елдегі тәртіпсіздіктерден соң берген алғашқы сұхбаттың орыс тілінде өтуіне қатысты болды.

"Сіздің алдыңғы сұхбатыңыз орыс тілінде болды. Баспасөз хатшыңыздың айтуынша, ол сұхбат халықаралық аудиторияға арналған. Бұл жолы қай аудиторияға арналады? Осындай бөле-жару қазақ тілін кемсіту болып есептелмей ме? ", - деді ол.

Президенттің айтуынша, ол ең алдымен әлем жұртшылығына түсінікті болатын ақпаратты беруді көздеген.

"Бұл ешқандай да кемсітушілік немесе менсінбеушілік емес. Осыған дейін көптеген телеарна менен бірнеше рет сұхбат беруді сұраған болатын. Мен олардың ешқайсысына келіскен жоқпын.

Кейін тек "Хабар" арнасына ғана сұхбат беремін деп шештім. Себебі ел ішінде көптеген жалған ақпарат тарап жатты, соларға тоқтау салу керек болды.

Сол сұхбат орыс тілінде жасалды. Өйткені, Қазақстандағы ахуал жөнінде шынайы ақпаратты, ең алдымен, әлем жұртшылығына беру керек еді. Содан кейін шетелдік ақпарат құралдары сұхбатты кеңінен таратып, барынша пайдаланды. Оны өзіңіз білесіз.

Қалай десек те, орыс тілі – Біріккен Ұлттар Ұйымының алты ресми тілінің бірі. Оны мойындауымыз керек. Ал, қазақ тіліндегі сұхбаттың өз аудиториясы бар.

Жалпы, мемлекеттің мәселесін мемлекеттік тілде айтуымыз керек. Тіліміз бізден басқа ешкімге керегі жоқ. Сондықтан, ең алдымен, өзіміз ана тілімізге құрмет көрсетуіміз керек деп ойлаймын", - деп жауап берді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1956658-bul-kemsitusilik-emes-toqaev-qantar-oqigasyna-qatysty-algasqy-suxbatty-nege-qazaq-tilinde-bermegenin-aitty/