Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазіргі таңда қажеттілігі шамалы": Тоқаев Елбасы туралы заңдар жайында пікір білдірді

Опубликовано:

Назарбаев пен Тоқаев қол алысып тұр
Фото: alashinform.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Qazaqstan" ұлттық арнасына берген сұхбатында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы заңдарға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

– Жақында Сіз тұңғыш президент туралы заңға енгізілген өзгертулерге қол қойдыңыз. Яғни, Елбасының бірқатар өкілеттілігі сол заңмен тоқтатылды. Онда Қауіпсіздік Кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару және басқа да баптар бар. Жалпы, осы мәселеге өзіңіздің көзқарасыңыз қандай?

– Бұл түсінікті нәрсе. Бұрын осындай заңдар қабылданды, қазіргі таңда олардың қажеттілігі шамалы. Оны ашық айту керек. Келешекте осындай заңдар қабылдаудың қажеті жоқ деп есептеймін. Бұрын олқылықтар болса да, бұл – біздің тарихымыз.

Бәріміз тарихтан сабақ алуымыз керек. Біздің мақсатымыз – еліміздің болашағы, өскелең ұрпақтың қамы туралы ойлау. Басқа сөз жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1956678-qazirgi-tanda-qazettiligi-samaly-toqaev-elbasy-turaly-zandarga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel