Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айбат Ілиясов білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды

Опубликовано:

Ілиясов
Айбат Ілиясов. Фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Айбат Болатұлы Ілиясов білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Айбат Ілиясов 1982 жылы дүниеге келген.

"Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша жоғары білім алған.

2006 жылдан 2007 жылға дейін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның аға инженер-электронигі, бас маманы, 2008 жылдан 2009 жылға дейін "Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы" РМК-ның бас маманы қызметін атқарған.

2009 жылдан 2012 жылға дейін Жоғарғы сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, әділет министрлігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасының бас сарапшысы, басқарма басшысының міндетін атқарушы болған.

2013 жылғы наурыз айынан 2022 жылғы ақпанға дейін әділет министрлігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасының басшысы, Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаментінің директоры қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1956782-aibat-iliyasov-bilim-zane-gylym-vice-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel