Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жеріміздің бір тілімін де бермейміз": Владимир Зеленский Украина халқына үндеу жасады (видео)

Жарияланған күні:

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Видеодан кадр: YouTube/Украина президентінің кеңсесі

Украина президенті Владимир Зеленский украиналықтарға үндеу жасады. Үндеу президент кеңсесінің Facebook парақшасында трансляцияланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Зеленскийдің сөзінше, Украинаның қорғануға құқығы бар, алайда мемлекет жағдайды дипломатиялық жолмен шешуді ұстанады.

Сондай-ақ, Зеленский ДХР мен ЛХР тәуелсіздігінің мойындалуы "Ресейдің келісім алаңдарынан шығуы" деп бағалауға болатынын айтты.

"Мен өткен шақ туралы айтпаймын, қазіргі сәт пен болашақ туралы айтамын. Менің артымда өзінің халықаралық деңгейде мойындалған шекарасы бар Украина тұр. Ресейдің кез келген әрекеті мен мәлімдемесіне қарамастан, ол солай болып қала береді", - деді Зеленский.

Ол бұл жағдайда сабырлық танытқан украиналықтарға алғысын айтты.

Сондай-ақ, Зеленский Ресейдің бұл әрекеті - Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзу ретінде есептелетінін атап өтті.

"Донецк және Луганск облыстарының басып алынған аудандарының тәуелсіздігін тану Минск келісімдерінен шығу біржақты жүзеге асқанын және Нормандияны ("Норманд форматы") елемеу дегенді білдіруі мүмкін", - дейді Владимир Зеленский.

Украина басшысы осы мәселе бойынша Франция президенті Макронмен, Германия канцлері Олаф Шольцпен, АҚШ президенті Джо Байденмен, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонмен, Еуропалық кеңес президенті Шарль Мишельмен сөйлескенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, Зеленский алда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен келіссөз жүргізбек екенін атап өтті.

Одан бөлек, Зеленскийдің айтуынша, Украина шекарасы берік қорғалған және бейберекет әрекеттерге ешқандай себеп жоқ.

"Біз бейбіт және дипломатиялық жолды ұстанамыз. Бірақ біз өз жеріміздеміз, бізге ешкімнен және ештеңеден қорықудың қажеті жоқ. Біз біреуге бірдеңе беруге міндетті емеспіз және ештеңе бермейміз де. Жеріміздің бір тілімін де бермейміз", - дейді Владимир Зеленский.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Донецк және Луганск халық республикаларының тәуелсіздігін мойындау туралы жарлыққа қол қойған еді.

Осыдан кейін Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің соңғы әрекетін "Украинаның аумақтық тұтастығын бұзу" деп атады.

Одан бөлек, Ресейдің бұл шешіміне қатысты әлем елдері қарсы шығып, өз пікірлерін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957213-zerimizdin-bir-tilimin-de-bermeimiz-vladimir-zelenskii-ukraina-xalqyna-undeu-zasady-video/