Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зеленский Ресейдің ДХР мен ЛХР тәуелсіздігін мойындауын қалай қабылдады

Опубликовано:

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: Sergii Kharchenko/NurPhoto via Getty Images

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің Луганск және Донецк халық республикаларын мойындағанына қарамастан, Украинаның халықаралық деңгейде мойындалған шекаралары өзгеріссіз қала беретінін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

"Өзін-өзі жариялаған республикалардың тәуелсіздігін тану Ресей Федерациясының Минск келісімдерінен шыққанын білдіреді", - дейді Владимир Зеленский.

Ол Киевтің жеке және ұжымдық қорғанысқа құқығы бар екенін еске салды.

ТАСС-тың хабарлауынша, Украина "Норманд төрттігінің" төтенше саммитін өткізу туралы бастама көтерген және Ресейдің ДХР мен ЛХР егемендігін мойындауына байланысты ЕҚЫҰ-ның арнайы отырысын шақырған.

Одан бөлек, Зеленский арандатушылық пен шиеленістің алдын алу үшін ЕҚЫҰ миссиясының толыққанды жұмыс істеуін талап ететінін мәлімдеген.

"Украина елдегі жағдайды дипломатиялық жолмен шешуді қалайды", - деп келтіреді басылым Украина президентінің сөзін.

Сонымен қатар, Зеленский Ресейдің соңғы әрекетін "Украинаның аумақтық тұтастығын бұзу" деп атаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Донецк және Луганск халық республикаларының тәуелсіздігін мойындау туралы жарлыққа қол қойған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957189-zelenskii-reseidin-lxr-men-dxr-tauelsizdigin-moiyndauyn-qalai-qabyldady/

pixel