Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент: "Самұрық-Қазына" қорын түбегейлі қайта құру жұмыстары жүріп жатыр

Опубликовано:

Самұрық- Қазына
Фото: "Самұрық- Қазына" қоры

Бұдан былай барлық жобалар ашық әрі конкурс негізінде халықаралық компаниялардың қатысуымен жүзеге асырылады. Бұл туралы мемлекет басшысы Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезектен тыс отырысында айтты, деп хабарлайды Ақорда.

Жиын барысында президент бәсекелестікті дамыту, сыбайлас жемқорлықты жою, тиімді мемлекеттік басқаруды құру және сапалы адами капитал қалыптастыру көздеген мақсатқа жеткізетін жол деп атап өтті. Осыған орай, мемлекет басшысы бірқатар өзекті міндетке назар аударды.

Атап айтқанда, мемлекет басшысы әділ әрі бейтарап сот жүйесі ғана қуатты экономика мен лайықты бизнес-климат құрудың негізі екеніне тоқталды.

Оның пікірінше, инвесторлардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғаудың басты кепілі дәл осы болуға тиіс.

Мемлекет басшысы инвестициялық дауларды шешу бойынша Астана халықаралық қаржы орталығы мен Халықаралық арбитраж орталығының әлеуетін толық пайдалануға шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев адал бәсекелестікті дамыту ісін жаңа бағыттың тағы бір маңызды басымдығы деп санайды.

"Экономиканың негізгі салаларындағы олигополиялардың тарихи үстемдігі нарықтар мен салалардың дамуын тежейді. Бұл жағдайды заңнамалық және практикалық тұрғыдан батыл өзгертетін боламыз. Биыл қол қойылған бәсекелестікті дамыту  мәселесі жөніндегі заңда маңызды бастамалар қарастырылған.

Бұл – нарық субъектілерінің шектеулі ресустарға қол жетімділігі, нарыққа кіру кедергілерін төмендету және аралас нарықтарға монополияның кері әсерін жою. "Самұрық-Қазына" қорын түбегейлі қайта құру жұмыстары жүріп жатыр. Әкімшілік ресурстардың есебінен тапсырыс алған компаниялар өздерінің артықшылықтары мен келісім-шарттарынан айрылуда.

Қордың инвестициялық жобаларының топтамасы – шамамен 3,5 триллион теңге. Бұдан былай барлық жобалар ашық әрі конкурс негізінде халықаралық компаниялардың қатысуымен жүзеге асырылатын болады. Егер, олай болмай жатса, бірден маған тікелей хабарлаңыздар. Өйткені бұл – менің президенттік қызметімдегі аса маңызды іс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957379-prezident-samuryq-qazyna-qoryn-tubegeili-qaita-quru-zumystary-zurip-zatyr/

pixel