Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ҚазТрансОйл" АҚ бас директоры болып Талғат Құрманбаев сайланды

Опубликовано:

Талғат Құрманбаев
Талғат Құрманбаев. Видеодан кадр: Хабар телеарнасы

Талғат Құрманбаев "ҚазТрансОйл" АҚ бас директоры болып сайланды. Бұл туралы компания ресми сайтында хабарлады.

"ҚазТрансОйл" АҚ директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес Талғат Құрманбаев 2022 жылғы 23 ақпаннан бастап "ҚазТрансОйл" АҚ бас директоры (басқарма төрағасы) болып сайланды", - делінген хабарламада.  

Еске сала кетсек, бұған дейін компанияны басқарған Димаш Досановтың өкілеттігі мерзімінен бұрын 14 қаңтарда тоқтатылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957546-talgat-qurmanbaev-qaztransoil-aq-bas-direktory-bolyp-sailandy/

pixel