Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Ресей мен Украинаның қақтығыс аймағына ҰҚШҰ бітімгерлерін жібере ме: Әшімбаев жауап берді

Опубликовано:

Мәулен Әшімбаев
Мәулен Әшімбаев. Фото: gov.kz

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев палата кулуарында Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Жалпы, бұл жағдайда келіссөздер арқылы осы қақтығысты бейбіт жолмен шешу өте маңызды. Біз жағдайдың ушығып кеткенін көріп отырмыз. Ушығу жаңа деңгейге көтерілді және бұл жағдайда қақтығыстың саяси шешімін келіссөздер арқылы іздеу өте маңызды", – деді Мәулен Әшімбаев.

Спикер келіссөздер бұл жайтқа қатысы бар барлық тараптың мүдделерін ескеруге тиіс екенін айтты.

"Бәлкім, осы ұйымның жарғысы негізінде БҰҰ аясындағы келіссөздер тиімділік тұрғысынан кем түспес пе еді. Бүгінгі таңда БҰҰ - осындай мәселелерді қарастыратын негізгі халықаралық ұйым, сондықтан біз осы дағдарысты дипломатиялық жолмен шешуге мүмкіндік бар және барлық қажетті шешімдерді қабылдау керек деп санаймыз, бұл - менің жеке пікірім", – деп қосты сенат спикері.

Жалпы, Әшімбаев атап өткендей, бұл жағдайда мынаны ескеру қажет: Қазақстан - Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының мүшесі.

"Осыған байланысты қазақстандық бітімгерлерді қақтығыс аймағына жіберуге бола ма деген мәселе туындайды. Мұнда біздің позиция да анық. БҰҰ Жарғысына және басқа да құжаттарға сәйкес, Қазақстан ҰҚШҰ елдерінен тысқары елдерге біздің бітімгерлерімізді БҰҰ мандатына сәйкес қана жібере алады.

Ұжымдық қауіпсіздік шартының жарғысына сәйкес, ҰҚШҰ елдерінің бітімгершілік күштері мен әскерлері ұйымға мүше елдердің аумағында ғана қолданылуы мүмкін. Қақтығыс аймағы ұйымға мүше елдердің аумағына кірмейді.

Сондықтан осы шарттарға, ратификацияланған келісімдерге сәйкес, ҰҚШҰ шеңберіндегі бітімгерлерді қақтығыс аймағына жіберуге құқымыз жоқ. Бірақ егер қандай да бір жағдай туындаса және БҰҰ деңгейінде БҰҰ мандаты шеңберінде шешім қабылданса, Қазақстан бітімгерлерді әлемнің кез келген нүктесіне жібере алады", – деп түйіндеді Әшімбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957684-qazaqstan-resei-men-ukrainanyn-qaqtygys-aimagyna-uqsu-bitimgerlerin-zibere-me/

pixel