Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысының әкімі қаңтар оқиғасы кезінде қайда болғанын айтты

Опубликовано:

Қанат Бозымбаев
Қанат Бозымбаев. Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Талдықорғанда не болғанын және сол күндері не істегенін айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бозымбаев қаңтар айындағы жаппай наразылықтың алғашқы күндері халық алдына шығып, түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

"4 қаңтар күні кешке наразылық білдірушілерден менің кабинетіме барып, барлық проблеманы талқылауды өтіндім. Түнгі бірге қарай митингке шыққандардың 30%-і үйлеріне тарады. Дау да, ұрыс-керіс те болды, халық ашулы еді, айғайлады. Бастысы - дәл сол күні қан төгілген жоқ, ал митинг тыныш аяқталды", - деді Қанат Бозымбаев.

Алайда, 5 қаңтарда жағдай мүлдем өзгерген. Тәртіпсіздікке қатысқан 500-ден аса адам әкімшілік ғимараттарды талқандап, өрттепті.

"Мен әр аудан мен қаланың әкімдерімен сөйлестім. ҰҚКД басшылығымен бірге арнайы штаб құрдық. Оның құрамына полиция, Ұлттық ұлан және басқа ведомстволардың қызметкерлері кірді. Мен ІІМ-мен сөйлесу үшін Нұр-Сұлтанға ұшып шықтым, елордадан қосымша күш сұрадым. Облысқа арнайы жасақтар келді, антитеррористік операция басталды. Үйлестірілген іс-қимылдар нәтижесінде тәртіп орнады", - деді Алматы облысының әкімі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957746-almaty-oblysynyn-akimi-qantar-oqigasy-kezinde-qaida-bolganyn-aitty/