Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зеленский: Ерте ме, кеш пе Украина мен Ресей арасында соғысты тоқтату туралы диалог өтеді

Опубликовано:

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: president.gov.ua

Украина президенті Владимир Зеленский жаңа үндеу жасады.

Оның айтуынша, бүкіл әлем Украинадағы жағдайды сырттай бақылап отыр. Халықаралық қауымдастық салған санкцияға Ресей нанбады.

Зеленскийдің сөзінше, ерте ме, кеш пе, екі мемлекет арасындағы қақтығысты тоқтату туралы диалог өтуі керек. Бұл неғұрлым ерте басталса, Ресей үшін шығын аз болады, деді Украина президенті.

Одан бөлек, Украина Ұлттық банкі Ресей және Беларусь рублімен валюталық операцияларға тыйым салды.

Еске сала кетсек, Air Astana Украинада жүрген қазақстандықтарды қайтару үшін арнайы рейстің нақты күнін атаған болатын.

Сонымен қатар, бұдан бұрын Жапония мен Жаңа Зеландия кейбір ресейлік азаматтарға виза беруді тоқтатқанын да жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957947-zelenskii-erte-me-kes-pe-ukraina-men-resei-arasynda-sogysty-toqtatu-turaly-dialog-otedi/

pixel