Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды

Жарияланған күні:

Тұрғымбаев
Фото: Ішкі істер министрлігі

Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

Тиісті жарлыққа Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды", - делінген құжат мәтінінде.

Айта кетейік, полиция генерал-лейтенанты Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлы 1962 жылы 14 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.

Оның жоғары заңгерлік және жоғары экономикалық білімі, заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.

І және II дәрежелі "Даңқ" орденінің толық кавалері, ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен, І дәрежелі "Қайсар" белгісімен, "Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін" медалімен, мерейтойлық және ведомстволық медальдармен награтталған.

  • Ерлан Тұрғымбаев еңбек жолын 1984 жылы Қарағанды облысы Саран қалалық атқару комитетінің ішкі істер бөлімі қылмыстық іздестіру жедел уәкілі лауазымынан бастады .
  • 1986 жылдан бастап 2000 жылға дейін – Алатау және Калинин АІІБ-ның жедел-тергеу бөліністерінде, сондай-ақ Алматы қаласының ҚІІД-де әртүрлі басқарушы лауазымдарды атқарған.
  • 2000 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ тоғызыншы департаменті және криминалдық полиция департаментінің бастығы.
  • 2003 жылғы сәуірден бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы.
  • 2006 жылғы мамырдан бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ тергеу комитетінің төрағасы.
  • 2006 жылғы шілдеден бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы қаласы ішкі істер департаментінің бастығы.
  • 2012 жылғы желтоқсаннан бастап – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары.
  • 2019 жылғы ақпаннан бастап бүгінге дейін – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымын атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957956-erlan-turgymbaev-iski-ister-ministri-lauazymynan-bosatyldy/