Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ лауазымынан босатылған Тұрғымбаев жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Ерлан Тұрғымбаев
Ерлан Тұрғымбаев. Фото: Ішкі істер министрлігі

Ішкі істер министрі лауазымынан босатылған Ерлан Тұрғымбаев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Тиісті жарлыққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", - делінген құжат мәтінінде.

Айта кетейік, бұған дейін Ерлан Тұрғымбаевтың Ішкі істер министрі лауазымынан босатылғанын жазған едік. Оның орнына Марат Ахметжанов келді.

Сонымен қатар, президенттің Әсет Исекешевті Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымынан босатқаны хабарланды. Ол енді мемлекет басшысының көмекшісі қызметін атқарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957959-iski-ister-ministri-lauazymynan-bosatylgan-turgymbaev-zana-qyzmetke-tagaiyndaldy/