Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты таныстырды

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты таныстырды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізді.

Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Тұрғымбаевты Ішкі істер министрі қызметінен босату және Марат Ахметжановты ведомство басшылығына тағайындау туралы жарлықтарға қол қойғанын хабарлады.

Президент қаңтар оқиғасы кезінде арандатушылар мен радикалды күштердің соққысына бірінші болып ішкі істер органдарының қызметкерлері кеудесін тосқанын атап өтті.

Оның айтуынша, көптеген қызметкер өзінің міндетіне адал болып, құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде табандылық пен батылдықтың үлгісін көрсетті.

Фото
Фото: Ақорда

Бұдан бөлек президент тергеп-тексеру жұмыстары барысында заңдылықты қамтамасыз етіп, азаматтардың құқығын сақтау қажет екеніне ерекше назар аударды.

"Осы қайғылы жағдай ішкі істер органдары жүйесінде кемшіліктердің көп екенін көрсетті. Оны ашық айту керек. Өткен істен барынша сабақ алып, мұндай оқиғаға жол бермеу үшін барлық олқылықтарды анықтап, жою керек. Сондай-ақ қылмыскерлер мен арандатушылардың бәрін тауып, заңға сәйкес жауапқа тарту қажет. Бірақ рұқсат етілмеген тергеп-тексеру әдістеріне мүлде жол бермеу керек", – деді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958042-toqaev-iski-ister-ministri-marat-axmetzanovty-tanystyrdy/

pixel