Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізді

Опубликовано:

Қауіпсіздік кеңесінің шүғыл отырысы
Фото: Ақорда

Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өтті. Жиында халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері қаралды деп хабарлайды Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.

Кеңесте Украинадағы жағдайға байланысты Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша президент мемлекеттік органдарға нақты міндеттер жүктеп, тапсырмалар берді.

Ақорда бұдан өзге ақпаратты жариялаған жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін еліміздің Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарының Украинадан оралуын ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жалғастырып жатқанын жазған едік.

Алғашқы репатриациялық рейс бүгін, 26 ақпанда таңертең ұшқаны белгілі болды.

Ұшақ Катовице қаласының әуежайынан ұшып шығып, Атырау қаласына техникалық қонғаннан кейін Алматы қаласына ұшып жетуі тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958137-toqaev-aqordada-qauipsizdik-kenesinin-sugyl-otyrysyn-otkizdi/

pixel