Песков: Ресейлік делегация Украина тарабымен келіссөз жүргізу үшін Беларуське келді
Опубликовано:
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресейлік делегация Украина тарабымен келіссөз жүргізу үшін Беларуське келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Песковтің сөзінше, ресейлік делегацияның құрамында президент әкімшілігінің, Сыртқы істер және Қорғаныс министрлігінің сонымен қатар, басқа да ведомстволардың өкілдері бар.
Ал Беларусь Сыртқы істер министрлігі өз тарабынан кездесу үшін барлық қажеттіні дайындап қойғанын, қазір хаттама жағына қатысты мәселелер шешіліп жатқанын атап өтті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Дмитрий Песков Украина тарабымен келіссөз жүргізу үшін делегация құрылғанын, алайда Киев соңғы сәтте "байланысқа шықпағынын" хабарлаған еді.
Келіссөздің неге болмай қалғанын кейін Украина президентінің кеңсесі түсіндірді.
- Байден Украинаға көмек ретінде 600 миллион доллар бөлуді тапсырды
- Зеленский Путинді келіссөз үстеліне отыруға шақырды
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/1958223-peskov-reseilik-delegaciya-ukraina-tarapymen-kelissoz-zurgizu-usin-belaruske-keldi/