Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлан Қошанов Nur Otan партиясының атауын "Аманат" деп өзгертуді ұсынды

Жарияланған күні:

Тағайындау
Ерлан Қошанов. Фото: Ақорда

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Nur Otan партиясының атауын "Аманат" деп өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мәжіліс спикері бұл ұсынысты мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен онлайн форматта өтіп жатқан Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде жасады.

"Бұл жерді және халықты ата-бабаларымыз сеніп тапсырды. Біз оны келер ұрпаққа табыстауымыз керек. Біз ұлт тұтастығын, халықтар татулығын, еңбекқорлықты болашақ ұрпаққа жеткізуге міндеттіміз. Осыған байланысты партияның атауын "Аманат" деп өзгертуді ұсынамын", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958581-erlan-qosanov-nur-otan-partiyasynyn-atauyn-amanat-dep-ozgertudi-usyndy/