Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев жуырда елімізде аудан әкімдері сайланатынын мәлімдеді

Опубликовано:

сайлау
Көрнекі фото: Нұр-Сұлтан әкімдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Аманат" (Nur Otan) партиясының кезектен тыс XXII съезінде енді елімізде аудан әкімдері сайлана бастайтынын мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Президент өткен жылы Қазақстанда ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп, 900 әкім сайланғанын еске салды.

Оның сөзінше, бұдан былай елімізде аудан әкімдері де сайланатын болады.

"Жақын уақытта біз аудан әкімдерін тікелей сайлауға көшеміз. Бұл туралы мен өзімнің жолдауымда айтамын. Аудан әкімдерін сайлауды кейінге шегерудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Процесті жылдамдату керек.

Сондықтан біздің партиямыздың қарқынды бәсеңдетуге құқығы жоқ. Алдымызда азаматтардың қолдауына ие болған лайықты кандидаттарды ұсына отырып, осы сайлау науқандарына белсене қатысу міндеті тұр", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы партия съезінде 16 наурызда саяси-реформалардың жаңа бағдарламасын жариялайтынын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958601-toqaev-zuyrda-elimizde-audan-akimderi-sailanatynyn-malimdedi/

pixel