Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Жас әрі қабілетті мамандарға мүмкіндік бермейміз

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев билеуші партияның кезектен тыс съезінде елде саяси менеджерлерді дайындау мәселесі ақсап тұрғанын айтты, деп хабарлайды Ақорда.

Партия төрағасы елімізді одан әрі жаңғырту үшін партияластарынан тың ұсыныстар күтетінін атап өтті. Сондықтан жалпыұлттық өзекті мәселелер күн тәртібін әзірлеу үшін Қазақстанның әрбір азаматынан тың идеялар мен ұсыныстар жинау жөнінде республикалық акция ұйымдастырған жөн. Мемлекет басшысы партияластардың ішінен сенімді адамдарды іріктеп, оларды ілгерілету ісін жалғастырған дұрыс деп санайды.

"Ашығын айтқанда, қазіргі кезде саяси менеджерлерді даярлау ісі ақсап тұр. Қазіргі жағдайда саяси басшылар түрлі мамандармен, жастармен, журналистермен, халықтың барлық өкілдерімен тіл табыса алуы керек.
Мұндай адамдар ел арасында аз емес. Әлеуметтік лифтінің жоқтығы – бірден-бір кедергі.  Жас әрі қабілетті мамандарға мүмкіндік бермейміз. Бұл – біздің басты кемшілігіміз. Партия құрылымында Саяси менеджмент академиясы бар. Осы академияның қызметін күшейту қажет", – деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958640-toqaev-zas-ari-qabiletti-mamandarga-mumkindik-bermeimiz/

pixel