Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан саясаткерлерді сынады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қазқстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев билеуші партияның XXII кезектен тыс сессиясында әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан бірқатар саясаткерді сынға алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бірнеше жыл бойы үндемеген саясаткерлер қазір жағдайды пайдаланып, әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратып отыр. Олар осы әрекеттерімен халықты адастыруда", -деді мемлекет басшысы.

Президенттің пікірінше, қазақстандықтардың басым бөлігі әлеуметтік және экономикалық проблемаларды шешу бойынша партияның қандай шараларды іске асырып жатқанын білмейді.

Осыған байланысты ол партияның саясатын, оның ішінде БАҚ арқылы түсіндіруді тапсырды.

Айта кетейік, жиын барысында президент еліміздің "Жаңа Қазақстанды" құру жөніндегі ауқымды міндетті орындауға кіріскенін мәлімдеді.

"Алдымызда мемлекетіміздің болашақ тағдырын шешетін аса маңызды жұмыс тұр. Оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін жаңа мақсат-міндеттерімізді айқындап алуымыз қажет. Партия барлық реформаға ұйытқы болуға тиіс. Саяси ұйымның атауын "Аманат" деп өзгерту ұсынылды. Жасыратын ештеңе жоқ, мен де бұл мәселеге байланысты пікірталасқа қатыстым. Бірнеше ұсыныс болды, соның ішінен Аманат деген атауға тоқтадық", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958651-toqaev-aleumettik-zelide-zalgan-aqparat-taratqan-sayasatkerlerdi-synady/

pixel