Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Владимир Зеленский Еуропарламентте сөз сөйлейді

Опубликовано:

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: Will Oliver/EPA/Bloomberg via Getty Images

Еуропарламент басшысы Роберт Метсола ресми Twitter парақшасында Украина президенті Владимир Зеленский мен Жоғарғы Рада төрағасы Руслан Стефанчук сейсенбі күнгі сессияда сөз сөйлейтінін мәлімдеді.

Еуропарламенттің пленарлық сессиясы 12:30-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 17:30-да) басталады.

Талқылаудың басты тақырыбы Украинадағы жағдай болмақ.

"Президент Зеленский мен спикер Стефанчук қосылып, әлем алдында сөз сөйлейді", - деді Метсола.

Іс-шараға Еуропалық Кеңестің басшысы Шарль Мишель, Еурокомиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен, сондай-ақ Жозеп Боррель қатысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958665-zelenskii-europarlamentte-soz-soileidi/

pixel