Қорғаныс министрлігі Қазақстан аумағында әскери техниканың не үшін жүргенін түсіндірді

Опубликовано:

Қорғаныс
Фото: Қорғаныс минитрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігі Қазақстан әскерді солтүстік пен батысқа тарту арқылы Украинаға қарсы соғысқа қатысып жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Министрлік әскери колледж оқушыларына практикалық сабақтар өткізу үшін Семей гарнизонынан Щучинск қаласына әскери техника жөнелтілгенін мәлімдеді. Тиісті ақпаратты ведомство ресми Telegram парақшасында таратты.

Қазақстанның Қарулы күштерінде жеке құрамның орнын ауыстыруға, оқытуға, жаттықтыруға байланысты әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік даярлығын арттыру шаралары жоспарлы түрде өткізіліп тұрады.

"Үстіміздегі жылдың 25 ақпаны мен 3 наурызы аралығында Қарағандыдан Гвардейск гарнизонына, сондай-ақ, Алматыдан Ақтау гарнизонына әскери техника жіберілді.

1-4 наурыз аралығында Шымкенттен Таразға, Түркістанға, "Айша-бибі" полигонына және кері бағытта Қарулы күштерге тиесілі техникалардың қозғалысы жоспарланып отыр. Аталған кезеңде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін әскери техникаларды темір жол көлігімен Батыс Қазақстаннан елдің оңтүстік бөлігіне жоспарлы түрде жеткізу іске асырылу үстінде",- деді ведеомствода.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958719-qorganys-ministrligi-qazaqstan-aumagynda-askeri-texnikanyn-ne-usin-zurgenin-tusindirdi/