Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Түркия Ресейге санкция салуды жоспарлап отырған жоқ

Опубликовано:

Стамбул қаласы
Көрнекі фото: pixabay.com

Анкара Мәскеу қаласына санкция салуды жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды Түркия президентінің өкілі Ибрагим Калын.

Ол CNN Turk басылымына берген сұхбатында Түркия өздерінің басымдығын ескере отырып жұмыс істейтінін түсіндірген, деп жазады РИА Новости.

"Біз еліміздің басымдықтарын ескере отырып әрекет етуіміз керек. Ресеймен тілдесе алатын фактор болуы тиіс. Барлығы "көпір лақтырып жатқан" уақытта Ресеймен кім сөйлеседі? Бұл арнаны ашық қалдыру үшін санкциялар пакетін жоспарламаймыз", - деді Калын.

Сонымен қатар, Түркияның сыртқы істер министрі санцияларға қосылу мақсатында Анкараға қысым көрсетілді деген қауесетті жоққа шығарды.

"Түркияға Ресейге қарсы санкцияларға қосылуына ешқандай талап немесе қысым болған жоқ". - деді Мевлют Чавушоглу.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958761-baq-turkiya-reseige-sankciya-saludy-zosparlap-otyrgan-zoq/