Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дәл сол сәт": Зеленский Байден мен жақтастарынан көмек сұрады

Опубликовано:

Украина президенті Байденнен көмек сұрады
Фото: https://www.president.gov.ua

CNN-ге берген сұхбатында Зеленский Байденді Конгресте "мықты" мәлімдеме жасауға және америкалықтарды сендіруге шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ол [Байден] - әлемдік көшбасшылардың бірі. Америка Құрама штаттарының халқы Украинада соғыс болса да, бұл демократия, бостандық құндылықтары үшін соғыс екенін түсінуі өте маңызды", - деді Владимир Зеленский.

Владимир Зеленский Ресей әскерлері Украина қалаларын бомбалап жатқанда, келіссөздерде ілгерілеушілік болмайды деп атап өтті.

"Адамдарды бомбалауды тоқтату өте маңызды, содан кейін біз алға жылжып, келіссөздер үстеліне отыра аламыз", - деді Украина президенті.

Зеленскийдің айтуынша, Украина қарсыласымен батыл күресуді жалғастырады. Бірақ сәттілік үшін Украинаға сырттан көмек қажет.

"Мен Байденмен бірнеше рет сөйлестім. Мен оған Украинаның басқаларға қарағанда мықты күресетінін және күресе беретінін бірнеше рет айттым. Бірақ біз Ресейге қарсы тұра алмаймыз. Сондықтан, егер біреу бізге көмектескісі келсе, барлығы жедел әрекет етуі керек. Дәл сол сәт", - деді Украина президенті.

НАТО мен АҚШ елдері Украинаға қару-жарақ, барлау ақпараттары, әскери техникамен көмектесті. Бірақ ешбір ел өз сарбаздарын жіберуге ниетті емес. Зеленский егер бұл жағдайда Ресей жеңіске жетсе, онда олардың әскерлері Польша, Литва және басқа елдердің шекараларында шоғырланатынын ескертті.

CNN журналисі Мэттью Чэнс бункерде Украина президентімен сөйлесті. Бункерге Ченсті әскерилер жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958786-dal-sol-sat-zelenskii-baiden-men-zaqtastarynan-komek-surady/

pixel