Қайрат Нұртай Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ведомство ресми сайтында хабарлады.
Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова жаңа орынбасарының қызметіне сәттілік тіледі.
"Қайрат Ырзақұлұлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси ахуалымен жақсы таныс. Әртүрлі салада жинақтаған мол тәжірибесін, қазіргі таңда маңызды болып саналатын идеологиялық саланы одан әрі жетілдіруге аянбай жұмсайды деп сенім білдіремін. Облыс әкімінің орынбасары ретінде Қайрат Ырзақұлұлы ішкі саясат, дін істері, жұмылдыру дайындығы, мәдениет және спорт салаларына жетекшілік ететін болады. Жаңа қызметіңізбен құттықтай отырып, алдағы атқарар жауапты жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз", – дейді облыс әкімі.
Қайрат Нұртай 1982 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.
Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін "инженер-механик", Д.А. Қонаев атындағы университеті "заңгер" мамандығы бойынша бітірген. Сонымен қатар Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының "мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі" академиялық дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2004 жылы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаментінің жетекші маманы ретінде бастаған.
2005-2006 жылдары Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің жетекші маманы;
2006-2014 жылдары Президент кеңсесінің аға, бас сарапшысы, консультанты, сектор меңгерушісі;
2014-2015 жылдары Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы;
2015-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары;
2018-2019 жылдары Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
2021 жылғы шілде айынан бастап жаңа қызметіне дейін Қармақшы ауданының әкімі болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958882-qairat-nurtai-qyzylorda-oblysy-akiminin-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.