Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Беларусь Украина мен Ресей арасындағы келіссөздер өтетін жаңа орынды атады

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Украина делегациясының мүшесі Давид Арахамия өзінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында ресейлік тараппен келіссөздердің екінші кезеңі бұрын айтылғандай Беловежская тоғайында емес, басқа жерде өтетінін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Беловежская тоғайында келіссөздер өтетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Келіссөздер расында да жүргізіледі, бірақ басқа жерде. Толығырақ мәлімет кейінірек беріледі", - деп жазды "Слуга народа" фракциясының көшбасшысы Давид Арахамия.

Бұған дейін Беларусь Сыртқы істер министрлігі Ресей мен Украина өкілдері кездесетін орынның фотосын жариялаған болатын, деп хабарлайды Sputnik Беларусь.

"Аңшы үйі" келіссөздердің екінші кезеңін жүргізу үшін Ресей мен Украина делегацияларын қабылдауға дайын", - делінген еді ведомтво өкілінің хабарламасында.

Ал Ресей президенті Владимир Путиннің көмекшісі Владимир Мединскийдің хабарлауынша, ресейлік тарап Украинамен келіссөз жүргізу орнына келіп үлгерген.

Еске сала кетсек, Ресей мен Украина арасындағы алғашқы келіссөздер 28 ақпанда Беларусь мемлекетінің аумағында өткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1959077-belarus-ukraina-men-resei-arasyndagy-kelissozder-otetin-zana-oryndy-atady/

pixel