Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау қаласына жаңа әкім тағайындалды

Опубликовано:

Мейірім Қалауи
Мейірім Қалауи. Фото: gov.kz

Мейірім Қалауи Атырау қаласының жаңа әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігі өзінің Facebook ресми парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Атырау қаласының жаңа әкімі Мейірім Қалауиді таныстырды", - делінген хабарламада.

Қаланың жаңа басшысы Президент әкімшілігінің, сондай-ақ Атырау қалалық мәслихатының келісімімен тағайындалған.

Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов алда ауқымды міндеттер мен шешілуі тиіс мәселелер тұрғанын атап өтіп, Мейірім Қалауидің жұмысына сәттілік тіледі.

Мейірім Жоламанұлы Қалауи 1985 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданында дүниеге келген.

2006 жылы "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, 2010 жылы РФ президенті жанындағы мемлекеттік қызметтің Ресей академиясын тәмамдаған. Экономика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 2006-2007 жылдары "Атырау-Ақпарат" КМК-дан бастаған.

2010-2011 жылдары "Тұран" ЖШС-нің директоры, "Қазақстан" РТРК Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары - бас редакторы болып жұмыс істеген.

2011-2012 жылдары "Атырау-Ақпарат" КМК төрағасы, 2012-2016 жылдары Атырау облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы болған.

2016-2019 жылдары облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

Сондай-ақ, ол "Nur Otan" партиясы "Jas Otan" жастар қанатының Атырау облыстық филиалының атқарушы хатшысы қызметін қоғамдық негізде атқарған.

Одан бөлек, Мейірім Қалауи 2019-2021 жылдары Индер ауданының әкімі болған.

2021 жылдың шілде айынан бастап жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін "Аманат" (бұрынғы Nur Otan-ред.) партиясының Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Айта кетсек, бұрынғы қала әкімі Қайрат Оразбаев қаңтар айында өзінің өтініші негізінде қызметінен босатылған еді. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов оған қала басшысы болған кезде жасаған жемісті жұмысы үшін алғысын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1959241-atyrau-qalasyna-zana-akim-tagaiyndaldy/

pixel